
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайрат Бекенов әлеуметтік желі арқылы өзіне орынбасар іздейтінін жариялады.
«Сіздерге үндеу жасаймын, жас әрі бастамашыл көшбасшылар! Біздің компанияда менің орынбасарлығыма — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне орын босады. Біздің өңірдің тағдырына бей-жай қарамайтын жастарға әлеуметтік желі арқылы үндеу тастағым келеді!», — деп жазды Қ.Бекенов компанияның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. \