jasqazaq.kz

LRT құрылысы екі жылда аяқталады

19 сәуiр 2023, 11:56

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: «Биыл қала ішінде және елорданың айналасындағы жасыл белдеуде миллионға жуық жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері 733 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық. Жыл соңына дейін барлығы үш миллионнан астам шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл — 40 мыңнан астам пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекет бөлген — 6 мың пәтер бар. Сонымен қатар, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші кезеңі аясында салынып жатқан барлық проблемалық үлестік нысандарды аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», — деді қала басшысы.
Биыл наурызда қалалық жаңғырту бағдарламасы 2030 жылға дейін өзектендірілді. Соның нәтижесінде 206 апатты үйді көшіру жоспарлануда.
«LRT-нің бірінші іске қосу кешенінің құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл ұзындығы 55 шақырым 72 көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және Тәуелсіздік көпірі құрылысын аяқтаймыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура