jasqazaq.kz

Lotte Group айналасындағы жанжалдың «Раxат» компаниясына еш қатысы жоқ

29 қыркүйек 2016, 11:02

20160929101627

Алматыдағы «Раxат» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Наталья Тимощук, Lotte Group басшысына тағылып отырған айып оларға еш қатысы жоқ деп мәлім етті. 

«Бұл оқиға «Раxат» АҚ-ға еш қатысы жоқ. Біз ол туралы ешқандай пікір айта алмаймыз, және ол Lotte Confectionery компаниясынан тыс жанжал. Қазіргі уақытта барлық ақпарат — осы. БАҚ көтерген барлық байбалам бізге тіпті де бөтен. Сондықтан біздің тарапымыздан пікір айту қисынсыз», — деді Тимощук.

Бұның алдында xабарланғандай, Оңтүстік Корея прокуратурасы оңтүстіккореялық алпауыт Lotte Group корпорациясының басшысын қамауға алуды көздеуде. Lotte Group — Оңтүстік Кореяның ең ірі бес конгломераттарының бірі. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Прокуратура компания топ-менеджері пара берді және 181 млн доллар жымқырды деп айыптауда. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Рёнхап агенттігі xабарлады.

2014 жылы Оңтүстік Кореяның Lotte Confectionery компаниясы «Раxат» АҚ-ның барлық акцияларын сатып алған болатын. «Раxат» компаниясы Қазақстанда 70 жылдан бері кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады.

ҚазАқпарат

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді