jasqazaq.kz

«Лотерея ұттыңыз»: БҚО-да тұрғындарды алдаған алаяқ құрықталды

28 қараша 2024, 11:45

БҚО-да «лотерея ұтып алдыңыз» деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тұрғындарды «лотерея жеңімпазысыз» деп алдап, қаражат иемденген Атырау облысының тұрғынын ұстады. Күдікті өзін лотерея компаниясының өкілі ретінде таныстырып, адамдарды жүлде ұтқанына сендірген.

Алаяқ ұтысты алу үшін белгілі бір соманы алдын ала аудару қажет екенін айтып, тұрғындарды иландырған. Осы алаяқтық әрекеттің салдарынан бес азамат зардап шекті. Олар жүлдеден үміттеніп, өз қаражаттарын аударғанымен, не ұтыс, не ақшалары қайтарылмаған. Күдікті құрбандарын Instagram желісіндегі лотерея туралы жазбалардың астында қалдырылған пікірлер арқылы тауып отырған. Жалпы шығын көлемі 140 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Орал қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тұрғындарды күмәнді лотереялар мен акцияларға қатыспауға шақырып, сақтық шараларын ұмытпау керектігін ескертеді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі