jasqazaq.kz

Үлкен айналма жолдың құрылысы 2017 жылы басталады

18 қыркүйек 2016, 22:03

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматыны дамыту — басты тапсырмалардың бірі» екенін айтты.  Бұл туралы ол Алматының 1000 жылдығына арналған салтанатты шарада мәлім етті.

«Алматыға қамқорлық — басты тапсырмалардың бірі. Мен әрқашан қаланың құрылуын өз бақылуымда ұстап келемін », — деді ҚР Президенті.

«Алматы арена» мұз сарайында өтіп жатқан салтанатты шарада Елбасы  Үлкен Алматы айналма жолы құрылысы туралы айтып берді.

«2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы басталады. Біріншіден, қалаға көлік аз кіреді, екіншіден, Қытайдан Батыс Еуропаға Алматы арқылы қатынау үшін транзиттік орынға айналады. Бұл Алматының дамуына орасан зор үлес қосады. Меніңше, ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралінің бөлігі болады. Менің тапсырмаммен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылып, дамытылуда.  Инновациялық технологиялар —  бұл еліміздің болашағы» , -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Алматыда өтіп жатқан «Алматының шыңы» салтанатты шарасы сағат 21-00-де Apple Fire от шашуымен аяқталады. От шашу биыл Алматының бірден үш жерінде: Көктөбе, «Астана алаңы», «Алматы арена» мұз сарайында болады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде