«Жігіттің екі сөйлегені өлгені». Ағылшын футболының аты аңызға айналған жұлдызы Гарри Линекер осы мәтелді біледі екен. Ол сөзінде тұрып, тікелей эфирге жартылай жалаңаш шықты.
Г. Линекер Англиядағы «Лестер» командасы премьер-лигада чемпион болып жатса, Би-Би-Си Спорт телеарнасында өзі жүргізетін «Күннің матчы» (Match of the Day) бағдарламасына тек лыпамен шығатынын мәлімдеп еді. Биыл «Лестер» дүйім жұртты таңқалдырып, Англия чемпионы атанды. 55 жастағы Гарри Линекердің өзі кезінде осы командада ойнап, 95 гол соққан.