jasqazaq.kz

Әлімжеттік жасаған жігіт сотты болған (видео)

06 ақпан 2017, 17:19

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда Шымкенттегі студентті қорлау видеосы жарияланған болатын.

caravan.kz хабарлағандай, мұнан кейін іске араласқан ОҚО ІІД мамандары аталған оқиңғаның биыл 29 қаңтарда қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде орын алғанын анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, бейнероликтегі жәбірленген жас жігіт автотехникалық колледждің 1997 жылғы 4-курс студенті екен, ол Сарыағаш ауданының тумасы. Ал, шұғыл іздеу шаралары барысында ұсталған күдікті 1999 жылы туған Бәйдібек ауданының тумасы болып шықты. Кәсіби-техникалық колледждің 18-ге толмаған студенті бұған дейін де сотты болған. Сондай-ақ, ұрлық дерегі бойынша 3 қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен іздеуде болған.

20 жастағы жәбірленуші полицияға арыз түсіруден бас тартып отыр. Айтуынша, жай әзілдеген көрінеді, ал оны «қорлап» жатқан жігіт досы екен. Дегенмен, полицейлер бұл істің мән-жайын анықтауда. Күдікті ата-анасының қарауында.

https://www.youtube.com/watch?v=Nt1nLyum0YM&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде