jasqazaq.kz

Лилия Рах: Үйге, ұлым мен қызыма оралғым келеді

09 қараша 2016, 2:36

20161108181812

Өзбекстан азаматы Хамро Сувановты заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыпталған танымал кәсіпкер Лилия Рахқа Алмалы аудандық сотында өткен жарыссөзде сөз берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Бүгін Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотында Хамро Сувановты ұрлау ісіне қатысты жарыссөз болды. Сотта жәбірленуші тағы да Лилия Рахты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады, оны кешіргенін айтты. «Менің үйге қайтқым келеді. Ұлыма, қызыма оралғым келеді. Егер маған бостандық берсеңіз, мен адамгершілікпен өмір сүретін боламын», — деді Л.Рахтың өзі сотта. Ол өз сөзінде қандай да қылмыстық істен аулақ жүргенін, әрқашан түзу жүруге тырысқанын айтты. «Мен өмірімді сән саласына арнап, қажетті іс жасадым деп ойладым. Еліме бұл қажет деп түсіндім. Мен Қазақстан сән әлемінде және әлемдік нарықта өз орнын табуын қаладым. Мен және менің командам оны жасады деп те ойлаймын», — деді ол. Өз сөзінде кәсіпкер әйел өзін қолдағандарға алғысын айтып, әлі де өзіне деген сенімдерін жоғалтпауды сұрады. Айта кетейік, бүгін Лилия Рахқа мемлекеттік айыптаушы Әлия Қаисова 7 жыл 6 ай жеке мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыруды, «Рах ісі» бойынша сотталушылардың бірі Мир Пазды жеке мүлкін тәркілей отырып, жалпы режімдегі колонияда 8 жыл 6 айға қамауды, Ислам Мисиров пен Бахыт Шалбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы соңғы екеуінің де жеке мүлкін тәркілеуді сұрады. Лилия Рахтың авдокаты қорғауындағы азаматшаның уақытша тергеу абақтысында денсаулығы нашарлауына байланысты оны қамауда ұстау туралы сот қаулысын үй қамаққа ауыстыру немесе кепілдік арқылы босату туралы сотқа өтінім берген. Алайда, сот Лилия Рахты уақытша тергеу абақтысында қамауда ұстау мерзімін 2016 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде