
Алматыда жанармай құю бекетінің күзетшісі қарумен шабуылдағандарға тойтарыс берген туралы видео Желіде пайда болды, — деп хабарлайды «Нұрбанк» АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Қасенова.
Tengrinews.kz хабарлағандай, оқиға 12 қараша күні, сағат 04:08-де Helios жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. 48 жастағы күзетші шабуылдағандарға қарсы тұрып, тіпті оларды ұстамақ болған.
«Сайын көшесіндегі Helios ЖҚБ-не қарулы шабуыл жасалды. Бетперде киген және тапаншамен қаруланған екі адам, жанармай бекетіне басып кіріп, кассадағы ақшаны беруді талап еткен. Айта кетейік, кассада ақша болмаған. Дегенмен ЖҚБ-ның 1968 жылы туған штаттағы күзетшісі қарақшыларға қарсылық көрсетті. Оларға орындық лақтырып, қаруын тартып алмақ болған. Оқ атылды, әбүйір болғанда ешкім зардап шекпеді. Күзетші аман-сау. Қылмыскерлер далаға қашып шықты, күзетші оларды ұстамақ болды. Дегенмен, олар қашып үлгерді», — дейді Айгүл Қасенова.