jasqazaq.kz

Әлеуметтік желі арқылы діни араздықты тудырмақ болған азамат ұсталды

19 сәуiр 2017, 22:53

Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілер мен видеохостингтер бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты тудыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады деген күдікпен белгілі бір азаматтың жеке парақшасын байқайды. Тиісті іздестіру жұмыстары нәтижесінде 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат  облыстық ІІД сілтеме жасап. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында айғақ зат ретінде аудио-жазбалар алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесінде аталған азаматтың деструктивті діни ағымды ұстана отырып, әлеуметтік желідегі өзінің парақшасы арқылы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық және діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерді жасағаны дәлелденіп, ағымдағы жылдың 15 наурызында Қызылорда қалалық сотының шешімімен «кінәлі» деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес 2 жыл 10 айға шартты түрде сотталды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде