jasqazaq.kz

Лепстің концерті немесе миллион кімге бұйырады?

21 маусым 2023, 11:30

Әдеттегідей, әлеуметтік желі шулап жатыр. Бұл жолғы әңгіме Лепстің өтпей қалған концерті хақында. Журналист Ораз Әлімбеков өзінің Фейсбук парақшасында Лепстің Қонаев қаласында жоспарланған концертін өткізуге кедергі келтірген адамға 1 млн теңге сыйақы берем деген Шораевтың уәдесін еске салды.

«Көнге миллиондар тігіліп жатқанда Теріскейдегі көші-қон мәселесімен айналысып жүрген Бурахан Дақанов та қалыс қалмады. «Ал мен Лепстің концертін бұзған адамға — Солтүстік облыстан 1 гектар жер берем әкесс» деп жазды. Осындай мәлімдемеден кейін Фейсбукте отырған қауым елең ете қалды, іске шындап кіріскендер бар. Тикток-тәңірші Тұрарбек Құсайыновтың мәлімдемесін Қазақстандағы бүкіл сайт көшіріп басты. Тіпті оның мәлімдемесі Ресей мен Украинаның 40-тан астам ақпарат құралында мәселе ретінде жазылды. Осы қарсылық әкімдерге әсер етсе керек, Лепстің Қонаев қаласында жоспарлаған концерті өтпей қалды», — деп жазды ол.

Ораз Әлімбек енді Шораевты сөзінен тайқып кетті деп жазғырды. «Ол «Лепстің» концертін өткіздірмей тастайтын адамға берем» деген миллион теңгесін тәңірші Тұрарбек Құсайыновқа қимай отыр. «Солтүстіктен 1 гектар жер берем» деген Бурахан Дақанов та үнсіз жатыр. Мүмкін оларға араб діни идеологиясын мансұқтайтын тәңірші Тұрарбек Құсайыновтың наным-сенімі ұнамайтын шығар. Олай болса, Лепстің концертін өткізбей тастауға аз да болса үлес қосқан басқа біреуге уәде еткен сыйлығын неге ұсынбайды олар?! Әлде жеме-жемге келгенде Шораев пен Дақановты сараңдық жеңіп кетті ме?» деп жазады Ораз Әлімбек.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі