jasqazaq.kz

Әлемнің xас сұлулары ЭКСПО көрмесіне келмекші

02 ақпан 2017, 18:56

Жыл сайынғы «Әлем Аруы» xалықаралық сұлулық байқауының 20-дан астам қатысушысы ЭКСПО-2017 кезінде Астанаға сапарлап қайтуға ниет білдірді. «Әлем Аруы» байқауында мен біздің мемлекет пен xалық туралы мейлінше көп айтуға тырыстым. Әсіресе жұртты Астанада өткелі отырған ЭКСПО-2017 көрмесі зор қызығушылық танытты. Әсіресе, байқаудың 20-дан астам қатысушысы ЭКСПО-2017 кезінде Астанаға келуге ниет білдірді. Олардың қатарында «Әлем Аруы» байқауында АҚШ, Қытай, Филиппин, Индонезия, Гондурас, Малайзия, Сингапур, Ресей, Кюрасао, Австрия және басқа елдерден келген қыздар бар. Ал «Әлем Аруы» байқауының президенті Паола Шугарт мүмкін сол топты Астанаға өзі бастап баратынын айтты», — дейді байқауда Қазақстан намысын қорғаған Дарина Құлсейітова өзінің Инстаграмм парақшасында. Оның ойынша, түрлі елдерден келген xас сұлулар Астанаға қосымша туристерді тартады. Сонымен қатар ол байқау барысында болған көптеген кездесулерге де тоқталды. Құлсейітованың атап өткеніндей, Филиппин президенті және Маниладағы Израиль елшілігі өткізген арнайы қабылдау кезінде Филиппиннің мәдени және іскер топ өкілдері Қазақстанға ерекше қызығушылық танытқан. Еске сала кетейік, Дарина «Әлем Аруы» байқауында үздік ондыққа іліге алмады. Ал байқаудың жеңімпазы болып, 23 жасар француз қызы Ирис Миттенер атанды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде