
Астанадағы Теннис орталығында 27-ші шілде күні «Samruk-Kazyna Trust» жанындағы отбасын дамыту орталығындағы 50 шақты бала үшін бірнеше шеберлік сыныбы өтті.
Әлемдік деңгейде танылып жүрген теннисшілер Дмитрий Попко, Камила Керімбаева, Денис Истомин және басқалары сол күні балаларға бұл спорттың түрінің біраз құпиясын ашты. Бұл шара арнайы теннис күні аясында өткендіктен балалар шеберлік сыныптарына ғана қатысып қоймай, Challenger ATP сериясындағы және ITF Women’s « Президент кубогы – 2016» сияқты халықаралық турнирлердің мачтарын тікелей тамашалауға мүмкіндік алды.
Орайы келгенде айта кетейік «Президент кубогы – 2016» турнирі бас әріптес «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның қолдауымен өткізілуде. Ал әлеуметтік шараларға Қазақстан Теннис федерациясымен бірге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік жасады.
Әлемдік деңгейдегі теннисшілердің тікелей шеберлік сыныбы балаларға ерекше әсер сыйлады.Шара соңында балаларға түскі ас мәзірі ұсынылды.



Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ