jasqazaq.kz

Легионерді байытқанша, балалар футболын дамытайық

28 желтоқсан 2016, 23:39

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов легионерлерге төленетін қаражатты балалар футболын дамытуға жұмсау қажет екенін атап өтті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл туралы бүгін аймақ басшысы биылғы жылды қорытындылап, 2017 жылғы жоспарлармен бөлісу барысында мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Бізге легионерлерсіз ойнауды үйрену қажет», — деді ол. — Ал, оларға төленетін ақшаны балалар футболын дамытып, өз футболшыларымызды өсіру керек». Премьер-лига клубтары арасында футбол бойынша «Ертіс» клубы футбол маусымын үшінші орынмен аяқтағаны есте қалатын оқиға болды. Олар қола жүлдеге ие болып, өздерінің былтырғы жылғы көрсеткішін жақсартты. Енді келесі жылы Еуропа кубогы ойындарына қатысу құқығын иеленді. Жыл сайын футболды дамытуға демеушілермен бірге 2,1 млрд. теңгедей қаржы жұмсаймыз. Спорттың бұл түріне жанкүйер азаматтардың арасында сауалнама жүргізіп, футбол үшін бес млрд. теңге жұмсасақ та артық болмас екенін түсіндік. Өңір басшысының айтуынша, келесі жылы 2,5 млрд. теңгеге биіктігі 50 метр бассейннің құрылысы басталады. 200 мектепте балалардың шахматпен айналысуы үшін үйірмелер ашуға 120 млн. теңге қарастырылған. Себебі шахмат ойыны жас өрендердің ойлау қабілетін арттыра түседі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде