jasqazaq.kz

«Өлді» деп жүрген әкесін үйсіздердің арасынан тапты (видео)

20 ақпан 2017, 19:04

Қостанай тұрғыны Евгения Давлетшин Ақтауда жергілікті «Лада» порталының 2015 жылы үйсіздер жайлы түсірген бейнеролигінен өлдіге санап жүрген әкесін көріп қалған. Бұл туралы «Костанайские новости» порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Евгения әкесінің өлгені жайлы хабарды Алик Давлетшин үй жалдап тұрған әйелден естіген.

«Әкемнің бізбен бірге тұрмағанына көп жыл болды. Алайда біз үнемі хабарласып тұратынбыз. Әкемнің ішімдікке әуестігі жоқ, керісінше көп жұмыс істейтін. Әрдайым сапарда болғандықтан, оның жиі қоңырау шалмайтынына үйреніп қалғанбыз. Сондықтан әкем қоңырау шалмай кеткенде біз тіпті уайымдамадық», — дегее Евгения әкесінің 2013 жылы Ақтауға вахталық жұмысқа кеткенін айтады.

Ақтауға барған Алик Давлетшин мүмкіндігінше отбасымен байланыста болған. Алайда бойжеткен әкесінен бір жылдан астам хабар болмай кеткеннен кейін алаңдай бастайды. Сөйтіп, әкесі жалдап тұрған үйдің егесін тауып алып мән-жайды анықтайды.

«Ол әжей әкемді 2015 жылы төбелес кезінде қаза болғанын айтты. Біз есеңгіреп қалдық. Кейін қайғыдан есімізді жинғаннан кейін құзырлы органдардан әкеміздің қайда жерленгенін сұрадық. Полицейлер өлген адамдардың қатарында әкеміздің жоқ екенін анықтады. Полиция тек 2016 жылы әкемнің атына ұқсас адам Маңғыстау облыстық ауруханасына түскенін, ол адамның құжаты, тұрақты мекен-жай болмағанын айтты», — дейді Евгения.

Үйіне қайтып келген Евгения әкесі туралы ақпаратты интернеттен іздеп көруге шешкен. Осылайша ойламаған жерден ол «Ақтауда үй-күйі жоқтарды еріктілер енді күнде тамақтандыратын болды» деп аталатын бейнероликке тап болады. Тамақтануға келген тұрақты тұратын жері жоқтардың ішінен Евгения өз әкесін таныды.

«Кір, лас болса да, туғанынды ешкіммен шатастыруға болмайды. Бұл біздің әкеміз екніне сенімдімін», — дейді ол.

Евгения Ақтауға дейін билет алып қойған. Ол әкесін үйіне алып кетуге үміттеніп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде