jasqazaq.kz

Ұлдарын қорғау үшін кісі өлтірген азамат ақталды

15 тамыз 2016, 15:11

357364

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы Қаратөбе ауылының 51 жастағы тұрғыны Еркінбек Қалменов (суретте ортада тұр) толығымен ақталып шықты деп хабарлайды «Караван» газеті. Ол қаруланып алып келген екі бұзақыдан балаларын қорғаймын деп, оларды ауыр жаралаған. Екіншісі ауруханада жатып қайтыс болды.

Ағайынды Қайрат пен Берік (аттары өзгерген) Еркінбектің алыс ағайыны екен. Олар ауылдағыларды қорқытып-үркітіп ұстаймыз деп, жұрттың бәріне қоқаң-лоққы жасаған екен. Тіпті 35 және 27 жастағы бұл жігіттер Еркінбектің 16 және 14 жастағы екі ұлын өздерінің аяғынан ұстап амандасуға мәжбүр еткісі келіпті. Бұған жасөспірімдер көнбей қойған. Содан кейін екі арада ерегіс басталып кеткен.

Ал қанды оқиға өткен жылы күзде болды. Қайрат пен Берік Қалменовтың үйіне түнделетіп келіп, оның ұлдары Қуаныш пен Нұрдәулет жатқан бөлмеге кіреді. Сөйтіп, екеуін қылқындыра бастайды. Сол кезде Қуаныш сытылып шығып, үйдегілерді көмекке шақырған. Ал әлгі бұзақылардың бірі тіпті оқ атқан. Осы айғай-шудан оянып, үйден атып шыққан Еркінбек Қайрат пен Берікті қолына іліккен темір құманмен оңдырмай сабайды. Ауыр жараланған ағайындылардың бірі ауруханада жатып, қайтыс болды. Осыдан кейін Еркінбек Қалменов қорғану шегінен асып кеткен деп айыпталды. Бірақ прокурор болған жайды саралай келе оған айып тағудан бас тартты. Сөйтіп, сот оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп тауып, Еркінбекті босатты. Оның соққысынан аман қалған Берікке қатысты да сот процесі болды. Сот оны бас бостандығынан айырмай-ақ жазалау туралы шешім шығарды.

Ал Қайрат пен Беріктің жақындары апелляцияға арыз беріп, Е.Қалменов кісі өлтіргені үшін жазалансын деп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде