jasqazaq.kz

Лаура Мырзахметова: Енемнің жасындағылар ғана орамал тартады

12 желтоқсан 2023, 15:24

Актриса Лаура Мырзахметова отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде енесіне салт-дәстүрді өзі үйреткені туралы сөз етті.

«Жолдасымның ата-анасы Моңғолияда тұрады. Ол жақта көп салт-дәстүр ұстанбайды екен. Енемнің жасындағылар ғана орамал тартады, ал келіндер жалаңбас жүре береді екен. Киіз үйге келін болып түстім. Бірақ ешкім басыма орамал салмады. Орамалды шымылдыққа іліп қойған. Күйеуіме «мамаңды шақыр» дедім. Сөйтіп, енеме «бізде арнайы енесі ақ орамалын тілегін айтып салады, сіз де солай тағыңыз» дедім. Солай енем басыма орамал салды.
Таңертең сәлем салдым. Бәрі таңғалды. Ешкім ештеңе демеді, тілек айтпады. Үшінші күні енеме «мама, бізде сәлем салған кезде «бақытты бол», «көп жаса» деп бата береді. Сіздер рахмет деп отыра бересіздер» дедім. Сөйтіп, олар да орамал тағып, сәлем салғаныма үйренді. Солай сіңіп кеттік», — дейді актриса.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде