jasqazaq.kz

Лаңкестікке дайындалған шетелдік азамат құрықталды

21 сәуiр 2023, 16:07

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің оңтүстік өңірінде шетел азаматы террористік әрекет әзірленгенін мәлімдеді.

«2023 жыл басталғалы бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шет елдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды» – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, Астанада да радикалды діни ұяшық бейтараптандырылған. Оның сегіз мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

«Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды»,-деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Осы қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды. Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі