jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы: Тұсаукесерге жеті келіншек қатыстық

04 қантар 2024, 14:47

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде тұсаукесер тойында болған ерекше оқиға жайлы айтты.

«Продюсер Жан Мұқанов 7 баланың әкесі. Кенже қызының тұсауын кесу маған бұйырды. Ол рәсімге 7 келіншек қатыстық. Біріміз текеметті төсесек, біріміз бөпені алашаға тұрғызып, аяғына білезік тағып, ол білезік арқылы ала жіпті байлап, пышағын әкеліп, тұсауын кесіп, жетектедік. Сондағы ниет — әр әйелдің өзіндік ерекше қасиетін даналығын, нәзіктігін, қайсарлығын Ханзада қыз бойына сіңірсін дегені ғой. Бүгін сол кешті есімізге түсіріп, естелік ретінде жазып отырмын», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Желі оқырмандарының пікірі екіге жарылды. Бірі бұл салт-дәстүрді бірінші рет көріп тұрса, енді бірі жалғасуы керек үрдіс деп жатыр. «Ләйләнің қандай құдіреті бар екен соншалықты», «Мұны көрген жастар осы дұрыс екен деп тұсаукесуге жеті адам іздеп әлек болады ғой», «Қызылорда жақта осылай кесетінін естіп едім», «Жанның өзі ойлап тапқан дәстүрі», — деген пікір жазды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі