jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы: Күйеудің бәрі Бишімбаев емес

23 сәуiр 2024, 15:38

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіге тұрмыс құрғысы келмейтін қыздардың көбейгенін айтты.
“Боянып отырғанмын. Есік ашылып, «мен күйеуге шықпаймын» деген сөздермен бір қызым (командамыздың мүшесі) кіріп келді. Мені бояп тұрған визажист те «мен де қорқамын шығуға» деп қостай кетті. Соңғы кездері жастардан бұл пікірді жиі естимін. Себебін сұрасам:
– Эмоцияның адамы бірінші істеп алып, кейін ойланады. Сондайда ұрып жіберсе ше?
– Сөзге келіп қалудан қорқамын…
– Көзіме шөп салса ше?
– Менің сөзіммен санаспай, өзінікін жасай берсе?
– Ата-енем қатал болса…?
– Баламен ешқайда шығармай, үйде отырғызып қойса?”, деп жалғастыра берді. Аргументтері жетеді енді.
Енді мені, «неге тұрмыс құруды бақытсыздықпен тең көретіндер көбейіп кетті?» деген ой мазалап жүр. Бес саусақ бірдей емес. Күйеудің бәрі Бишімбаев сияқты деген сөз де емес. Білесіз бе, отбасы деген нағыз бақыт, бағалай білген адамға. Ішінде екі адамның бір-біріне деген қамқорлығы, мейірім, төзім, жақсы көру, сыйластық, бірігу, талпыну, армандау, мақсатқа жету сияқты қанша эмоция, іс-әрекет жатыр… Қыздардың бұл ойы мені қатты алаңдатады. Мені оқитындардың 72,5%-ы қыз-келіншектер. Арасында 16-20 жасар қыздар да бар. Айтыңыздаршы, неге тұрмыс құрудан көп қыз қашады?” – деп сауал тастады журналист.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі