jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы: Әже, мен жүретін жерде сатпаңызшы (Видео)

24 шiлде 2023, 16:27

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 90-жылдары қиын-қыстау кезінде ата-анасы базарда нан сатқаны туралы айтып, көзіне жас алды. 

“90 жылдар…Әлі есімде. Әке-шешеміз бізді асыраймыз деп, күн демей, түн демей базарда жүретін. Ала дорбаны көрсем сол балалық шағым есіме түседі. Қатты ыңғайсызданатынмын әжем мен анам үшін. Қазір ойласам біздің қамымыз үшін бәрін жасапты ғой. Бізді жеткізген, өсірген ата-анамыздың маңдай тері”, – деп жазды тележүргізуші.

Stan.kz жазғандай, Ләйлә Сұлтанқызы сол кездері ала дорба арқалаған әжесі мен анасынан ұялғанын да жасырмады.

“Біздің жасты шағымыз 90-жылдарға сәйкес келді, ең қиын кезең. Сол кезде ата-аналарымыз балаларын оқытамыз деп қиналып қандай жұмыс бар барлығын істеді. Шемішке, құрт, нан сатты, пошташы болып жұмыс істеді. Баламын ғой түсінбеймін, ұялатынмын: “Әже, мен жүретін жерде сатпаңызшы” дейтінмін. Қазір ойласам, сол кісілердің арқасында білімді болдық, білім алдық”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізушінің анасы нан сатып ақша тапқан кезін еске алды.

“Базарда ешкім ешкімді танымайды, сата береді. Азанда жұмысқа кетерде қамыр ашытып кетемін, түсте келіп жабамын. Бір баланы жіберемін. Сағат 5-6 шамасында өзім кетемін. Ләйләдан кейінгі бала қалған нанды өзі жауып алатын. Үйде әкесі, әжесі болатын. Бүкіл ауыл болып, көршілермен базарға шықтық. Содан түнгі 10-11 шамасында үйге қайтатынбыз”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі