jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы: Апамыздың шатақтау мінезін көбі біледі ғой…

24 тамыз 2023, 12:56

 


Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ресейлік әнші Земфираның Астанада өткен концертіне барған кезде ол дыбысқа байланысты кемшіліктерді байқамағаны туралы сөз етті.
Бұл туралы Stan.kz агенттігі жазды.
«Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын, шыны керек. Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әрбір метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам… Өз басым, сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман дыбыс естіген жоқпын. Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін… Бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой былай қарасаң. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын… Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді. Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға (ұйымдастырушыларға) ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды», – деді.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі