https://www.instagram.com/p/BMdYyhgA64B/?taken-by=zello.aktobe
Ақтөбе тұрғыны жан түршігерлік су туралы видео жариялады. Ролик авторының айтуынша, краннан ыстық судың орнына «ыстық қара шай» аққан. «Үш аптадан бері краннан «ыстық қара шай» ағып жатыр. Батыс-2 шағынауданы, 16-үй. Мынау бүгінгі түсірілім. Құзырлы органдар жөнді жауап қайтармады», — делінген zello.aktobe тобында жарияланған видеоролик сипаттамасында. Пікір қалдырушылардың бірі судың орнына мұнай немесе шоколад ағып жатыр деп қалжыңдаса, енді бірі қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін алаңдаулы. «Бізде дәл сол жағдай, 14 б, ТШК қазандықты тазаламағаннан болуы мүмкін», — деп жазды тұрғындар. Ал кейбірі су құбырының қалыпты жағдайда екенін, алайда мұндайды жолықтырмағанын айтуда.