jasqazaq.kz

Ләззат Қиынов: Нанның мәйегінде у бар (видео)

15 ақпан 2017, 16:43

Қазақстандық бидайдың сапасы соңғы 5 жыл ішінде айтарлықтай нашарлап кетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші министрі Қайрат Айтуғанов Парламент Сенатының қабырғасында өткен кездесуде айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайға ауа райының өзгерісі, тыңайтқыштар мен түрлі аурулар себеп болып тұр.

Хабар 24 телеарнасының хабарлауынша, ведомство бидай егілетін алқаптарды 2 миллионнан астам гектарға қысқартумен айналысып жатыр. Оның орнына майлы және бұршақ дақылдарын егуге басымдық берілмек. Тек биылдың өзінде оларға бөлінген егістіктердің көлемі 540 мың гектарға артады.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
— Бидайдың сапасы жыл сайын төмендеп барады. Біріншіден, ауа райы өзгеріп, ылғалдылық жоғары болып тұр. Екіншіден, шамамен 10 жыл бойы тыңайтқыш себілмеді. Жердің құнары кетті. Түрлі аурулар пайда болып жатыр.

Сондай-ақ басқосу барысында Сенат депутаттары азық-түлік нарығындағы нанның сапалы әзірленуі күмән туғызатынын алға тартты. Сенатор Ляззат Қиынов дүкендегі нанның дәмі жоқ екенін айтып, оны пісіруге қолданылатын ашытқыда денсаулыққа зиян химиялық қоспалардың бар болуы мүмкін деді.

Ләззат Қиынов, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
— Нан пісіруге қолданылып жатқан ашытқыда у бар екен. Оны ойлап тапқан адамның өзі осылай деп айтты. Ашытқының құрамында формалин бар. Ведомство бұл мәселеге мән беруі тиіс деп ойлаймын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде