jasqazaq.kz

«Әл Фараби» жер серігі ұшырылды

15 ақпан 2017, 22:17

15 ақпан күні сағат 09.28-де Үндістан ғарыш зерттеу ұйымы (ISRO) 103 спутникпен қоса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті соңғы технология үлгісімен жасаған салмағы 1,7 келілік наноспутникті ұшырды, деп хабарлады Үндістан елшілігінде.

ҚазАқпарат хабарлағандай, 104 спутник зымыран тасығыш көмегімен Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхван атындағы ғарыш орталығынан орбитаға (PSLV-C37) ұшырылды. ISRO аталмыш құрылғыны ұшырғаннан кейін, бір уақытта ең көп жерсерікті ұшыру бойынша әлемдік рекорд орнатты. Үндістанның 714 келілік «Cartosat-2» серігі ұшырылымның негізгі спутнигі атанды. Бір мезетте ұшырылған 103 спутниктің тек екеуі Үндістанға тиесілі. Қалғаны Израиль (1), Қазақстан (1), Нидерланды (1), Швейцария (1), Біріккен Араб Әмірліктері (1) және Америка Құрама штаттары (96) секілді елдердің серіктері болып табылады. PSLV-C37 бортына тиелген 104 спутниктің жалпы салмағы 1 378 келіні құрайды. Аппараттар 16 минут 48 секунд бойы ұшқаннан кейін орбитаға жеткен. Кейінгі 12 минутта барлық 104 құрылғы жеке жеке бөлініп шықты. Үндістан мен Қазақстан ғарыш қызметі саласындағы серіктестік туралы меморандумға 2009 жылдың қаңтар айында қол қойған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде