jasqazaq.kz

Күзде студенттің шәкіртақысы көбейеді

20 мамыр 2025, 12:22

Бүгін Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов елімізде жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Вице-министр: «Соңғы 5 жылда Қазақстанда грант саны 1,4 есеге өсті. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді.
Сонымен қатар биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені құрайтын болады. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады»,
— деді.
Сонлай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі заң қабылданғанын, бұл азаматтардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі болатынын айтып өтті. Бүгінгі таңда ашылған шоттар саны 102 мың салымды құрады.
Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы