jasqazaq.kz

Күшіміз — бірлікте: Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

24 сәуiр 2025, 10:50

ҚХА-ның XXXIV сессиясы қарсаңында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға Қазақстан Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Парламент депутаттары, мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Ассамблея институтының елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ еліміздегі ауқымды өзгерістер барысындағы маңызы атап өтілді.
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Кеңес қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін, «Әралуандықтағы бірлік», «Біз әртүрліміз – бірақ теңбіз» қағидаттарын қоғамда сақтау мен ілгерілетудің маңызын ерекше атап өтті.


Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің алдағы бағыттары талқыланды, атап айтқанда этномәдени бірлестіктер қызметін, ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің жұмысын, ҚХА қайырымдылық қызметін, этномедиация институтын, ғылыми-сарапшылық қызметін, «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын т.б. дамыту және жандандыру мәселелері сөз етілді.

JQ-Aqparat
Сурет: мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі