jasqazaq.kz

Күресерге дәрмен жоқ болды: Кыдырәлі Болманов Қарақаттың қатты қиналғанын еске алды

15 қантар 2025, 15:17

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Қыдырәлі Болманов әйелі Қарақат Әбілдинаның 16 жыл бұрын аяғы ауыр кезінде қатты қиналғанын еске алды.

«Осыдан 16-жыл бұрын, Имашқа жүкті болған кезінде Қарақат қатты қиналды. “Токсикоз”, тамақ ішпейді, , су ішсе, құсып тастайды. Профессордың қадағалауында болса да, Құдай қосқан жарымның айлап “системамен” қоректеніп жатқаны, жаныма қатты батты.
Құрсақтағы сәби не болып жатыр? Екеуі үшін отқа да,суға да түсуге дайынмын. Іш қазандай қайнайды,күресерге дәрмен жоқ болып, ойым онға бөлініп, жан қиналғанда Аллаға жалбарынып келе жатыр едім, тел шыр ете қалды», — деп жазды әнші.

Ол Сауд Арабиясынан елші хабарласып, қайырымдылық концертіне шақырғанын айтты.

«Сауд Арабиясынан Елшіміз Қайрат Лама Шариф хабарласты. Саудияда ешқашан концерт болмаған. Ханшайының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті болайын деп, әр мемлекеттен өнер адамдарын шақырып жатыр едік. Елімізден Қарақат екеуіңізді таңдап алдық. Уақытына келісіп алдық та, шауып отырып Қарақатқа келдім. Осылай да осылай, Меккеге барып, Алладан тілейміз! Дәрігерлер үзілді-кесілді қарсы болса да, Аллаға жалбарынамын, кешіріңіз! Рияд қаласына ұшып келдік, кешке концертке қатыстық. Таң ата намаз оқып алып, қасиетті Меккеге тарттық. Келе сала жұрт жиналып жатқан намазға жүгіріп келіп, тұра-тұра қалдық. Қасиетті Қағбаның жанында қасиетті жұмаға дөп келіп тұр екенбіз. Сол күннен бастап Қарақат тамақ іше бастады. Құспайтын болды!» — деп жазды Қ. Болманов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

JQ-Aqparat 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі