jasqazaq.kz

«Күн санап көбейіп жатыр». Айгүл Орынбек қайырымдылық қорлары туралы мәселе көтерді

14 наурыз 2025, 20:31

Елге танымал заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек қайырымдылық қорлары көбейіп кеткені туралы мәселе көтерді, jasqazaq.kz.
Айгүл Орынбек Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде:
«Қазіргі таңда мемлекетімізде түрлі қайырымдылық қорлары көбейіп кетті. Қайда барсаң да — ақша жинап жүрген қорлар мен олардың ел танымайтын мүшелері мен басшыларын көресің. Өкінішке қарай, “қайырымдылық қорлардың” атын жамылғандардың барлығы адал жолмен жүріп, шынайы мақсаттарға қызмет етіп жатыр деп айта алмаймын. Мысалы, жай ғана Каспий қосымшасында 358 – қайырымдылық қоры халықтан электронды түрде жылу жинау үшін тіркелген екен.
Таңданатыны сол, бұл қорлардың кейбірі тіпті қандай мақсатта және не үшін құрылғаны белгісіз. Басшылары да көрсетілмеген. Кейбір қорлардың интернетте атқарған жұмысы жайлы есептерін таппадым. Ал дүкендер мен сауда сөрелеріндегі қайырымдылық үшін қойылған жәшіктердің санын білмейміз. Күн санап көбейіп жатыр, бірақ ол ақшаның да сұрауы жоқ, — деді.
Заңгер мұндай күдік тудыратын қорлар арандатушылар мен радикалды топтарды қаржыландыруы мүмкін деген ойын ашық айтты.
«Бұл — шұғыл шешуді қажет ететін ең басты мәселе. Сондықтан осы қор жұмыстарының жауапкершілігін күшейту мақсатында заңға тиісті өзгерістер енгізу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», — деді ол.
JQ-Aqparat

Сурет: ortcom.kz 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі