jasqazaq.kz

Күйеулеріңіз қайда ереуілшіл әйелдер?

13 маусым 2020, 17:00

Өткенде Данияр деген журналист бір пост жазды. Тараздағы шу шығарған аналар жайлы. Ай сайын алды 300, қалғаны 220 мың теңге көлемінде түрлі жәрдемақы алатынын айтты. Өз басым митингке қатысып көрген емеспін. Бұл менің қорқақтығым, не ел мәселесінен шет қалғандығымнан емес.

Митинг мәдениетін меңгермегенімізден. Митингке шығудың соңы жанжалға, арандатушылыққа ұласып кетеді. Ал «ақша жоқ» деп шулайтын, елді шулататын аналарды түсіне алмадым. Маған сол кісілер маникюр-педикюріне ақша таппай қалған кезде көшеге шығатындай боп көрінеді. Олай дейтінім, осы шеруге шығушыларды «қаржыландыратын арнайы қор құрылып, шу шығарған аналарға ақша төлейді екен» деген сыбыс естідім бүгін. Шынымен мұқтаж жандар көшеге шықпайды, менің ойымша. Олар көшеге шықпақ түгіл, бүгін тамағымды қалай табам деп бас қатырады, негізі. Тағы бір ойым, сол көшеге шыққан аналардың күйеулері қайда екен деген сауалға тіреледі. Рас-ау, сол көшеге шығып, шулайтын көпбалалы аналардың күйеулері қайда екен?

Ержан Жаубай,
журналист

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі