jasqazaq.kz

Күйеуін тірідей өртеді

10 қазан 2024, 16:54

Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді. Жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың үйінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ауыр халде болған азамат бүгін таңертең көз жұмды.

Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, масаң күйде болған әйел күйеуіне керосин шашып, от жағып жіберген. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция сұмдық жайттың мән-жайын тергеуге кірісті. Ал қала прокуратурасы қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

«Медеу аудандық Полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі