jasqazaq.kz

Күйеуін айыптаған Құлпынай шындық детекторынан өтті (Видео)

31 қантар 2025, 16:12

Сурет: Видеодан кадр

Журналист Руслан Өтепбай ерлі-зайыпты блогерлер Қолғанат пен Құлпынайдың арасындағы даудың ақ-қарасына көз жеткізу үшін екеуін шындық детекторынан өтуге шақырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алдымен Құлпынай өтірікті әшкерелейтін детектордан өтуге келісім берді. Құралды басқаратын маманның қатысуымен ол өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.
Келіншек бес жыл бір шаңырақта тұрғанда күйеуіне көңілі толмаған кездер көп болғанын айтты. Бөтен әйелдерден қызғанбағанын, бірақ кішкентай қыздарға сексуалдық әуестігі бар екенін растады.

Күйеуінен кек алғысы келгенін де жасырмады. Айыптап, пост жариялауға күйеуінің туыстары қорқыта бастағаны себеп болғанын жеткізді. Қойылған бес сұраққа да Құлпынайдың жауабы шындық екенін детектор растады. Ең соңында Құлпынай сол қыздарды жақтамай-ақ қою керек еді деген өкінішін білдірді.

«Қыздардың өз ата-анасы жақтамаса, неге мен жақтауым керек, әу баста ештеңе шығармауым керек еді. Бәлкім, қыздар зорланғаннан кейін барып естерін жияр ма еді деген ой келеді», — деп аяқтады.

Қолғанат та детектордан өз еркімен өтуге келісім берген көрінеді. Ол осы детектор арқылы өзінің педофил емес екенін дәлелдегісі келген. Алайда қандай сауал қойылып, қалай жауап бергені бағдарлама сыртында қалды. Руслан Өтепбай Қолғанаттың анасы Баян ханым жауаптарды естіген соң оны жариялауға рұқсат бермегенін мәлімдеді.

Руслан Өтепбай: «Қоғамның ойы екіге бөлінді. Бірі күйеуі жалған сөйлейді десе, екіншілері әйелінікі дұрыс емес деп санайды. Сондықтан екі блогерге детекторға отыруды ұсындым. Алайда Қолғанат Жұмабаевтың анасы ұлының жауаптарынан соң, детекторға отырған видеоны жариялауға қарсылық білдірді. Заң жүзінде тараптардың рұқсатынсыз мен ол материалдарды беруге құқығым жоқ. Шешімді өздеріңіз шығарарсыздар! Менікі ұсыныс болған. Қолғанаттың жауабын құзырлы органдарға тапсырамын», — деп жазды.

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры