jasqazaq.kz

Күйеуімен жанжалдасып, терезеден секірмек болған (Видео)

02 мамыр 2023, 13:22

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарды. «Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан азаматшаның секірмекші болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тез арада оқиға орнына патрульдік полиция взводының инспекторлары Дулат Ситахметов пен Ерназ Өскенбай жетті. – Әріптесім екеуміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айқайлаған азаматшаны көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қаупінің алдын ала алмас едік. Сондықтан мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал Дулат сатымен ішке көтеріліп, тұрғынды әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керектігін барынша айтып, түсіндірді. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде Дулат азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды, – деді Ерназ Өскенбай. Азаматша осындай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтты. Полиция қызметкерлері құтқарылған азаматшаны психолог дәрігерлерге тапсырды» деп жазды Polisia.kz.

@jasqazaq.kzКүйеуімен жанжалдасып, терезеден секірмек болған

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі