jasqazaq.kz

«Күйеуіме ризамын» деп дәптерге 500 рет жазыңыз». Гүлзира Айдарбекова оқырманына кеңес берді

23 қараша 2024, 12:29

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласып, әйелдерге ақыл айтты. Бір келіншек: “Күйеуім тырнақ астынан кір іздеп, айқайлай береді. Жылы сөз естімегелі көп болды. Дастарханға қасық қойылмай қалса да, айқай шығарып жібереді. Жасым 42-де. Кейде бір жаққа қашып кеткім келеді. Тыныштықты қалаймын. Жылы сөз естімей өмірден өтіп кететін шығармын. Сіздерге қызығамын. Ел алдында еркелеп жүресіз”, – деп жазды.
Қайрат Нұртастың анасы оған былай деп ақыл-кеңес берді:
“Не айтарымды да білмеймін. Ататегі жайлы зерттеп көрсеңізші. “Күйеуім пәленшеге және оның тегіне ризамын. Жолдасым сабырлы, бақыттымыз, бай-қуаттымыз, ұрыс-керіссіз өмір сүріп жатырмыз. Қабылдадым, ризамын” деп торкөз дәптердің шетінде қызыл жиегінен асырмай 500 рет жазып көріңізші. Күніне 5-6, не болмаса 15-20 реттен жазыңыз. Бәрі жақсы болады. Әйел ақылды болса алмайтын қамалы жоқ. Ренжімеңіз ол кісі қалай, тура солай қабылдаңыз, өзгереді. Ұрыспай жәймен айтып түсіндіріңіз не біреу жайлы айтқандай мысалмен айтып, өз ойыңызды қосып айтып өзгертіп алуға тырысыңыз. Реніш, нала жүрегіңізден кетпесе қиындай түседі. Жүрегіңізден жіберу керек. Әйел қылықты болуы керек, өзіңізге де мән беріңіз, сіз нәзік жан екеніңізді ұмытпаңыз. Бар айтарым осы. Ата-ана бақытты болмаса, ұл-қыздары көргенін жасайды оны да ұмытпаңыз, ұрпағыңыз үшін үйренеріңіз көп болсын”.
JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі