jasqazaq.kz

Күйеуім «Орамалыңды шеш» деді

16 қазан 2023, 11:15

Өнерлі жұп Қуаныш пен Қарлығаштың отбасы көпшіліктің талқылауына ұшырады. Оған себеп сахнаға орамалмен шығып жүрген Қарлығаш бір күнде жаулығын шешіп тастаған.

Бұл туралы Ernur kz сайты жазды.

«Күйеуімнің маған қарай теңесуге мүмкіндігі болмаса, мен күйеуім үшін жығыламын. Аллаға тәуекел еттім. Орамалымды шешкенге кешеден бері оқырмандарым шок боп жатыр. Маған да бұндай қадамға келу оңай емес. Отбасымызбен үйде үлкен жиналыс болып, осындай қадамға бардым. Себебі отбасымды сақтап қалу керек болды. Күйеуім «орамалыңды шеш» дегесін шешуіме тура келді. Әркім өзінің тіліне, жүрегіне ие болса екен деймін»,- деді.
Әншінің бұндай қадамға баруына оқырмандардың «Күйеуінің анасы сияқты», «Жігітке толу керек, екеуі жұп сияқты көрінбей тұр. Келіншегі апасы сияқты», «Қуаныш бала құсап тұр», «Мамасы мен баласы ма», «Ойбай әйелі сүзейін деп тұрған бұқа сияқты ғой. Қасыңдағы қорқып тұрған бала ғой, көзі жыпылық-жыпылық етіп тұр. Күйеу бала жақсы, момындау сияқты, ал анау настоящая анаконда», «Өмірде қор болған еркек қой мынау» деген пікірлері себеп болыпты.
«Орамалға келу емес, орамалдан кету қиын екен. Осы уаққа дейін оқырмандардың алдына жылап шықпаған екем. Біреудің алдында ақталып отырғаным жоқ, бірақ біреу менің орамалымды зорлап шешкізгендей сезімде тұрмын. Сондай музыкантты қор қылдыңыздар-ау намысына тиіп. Бір отбасын шайқалтуға дейін алып келдіңіздер. Сөзге де абай болыңыздар!», — деді өнер иесі.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі