jasqazaq.kz

Күй мен күйші (Видео)

04 наурыз 2024, 18:46

Қазақ күйі әркез жаңарып, жаңғырып және дамып келеді. Сонысымен ол ұзақ жасайды, құдыретке ие болады. Күйшінің таланты мен тыңдаушы талғамы үйлескенде ұлттық сана-сезімі өседі, қуаттанады.

Күйді насихаттау — әр қазақтың парызы болуға тиіс.
Әдеби көркем шығармаларда оның үлгілері де бар. Жақсы дәстүрді қазіргі бұқаралық коммуникация құралдарында, әлеуметтік желілерде лайықты жалғастыру керек деп санаймыз. Қазақ күйін жария етуді, күйшісін құрметтеп, насихаттауды өзімізден бастайық, сонда халқымызды, оның қайталанбас бірегей өнерін ел ішіне ғана емес, әлемге танытатын боламыз. Үлкен-кішіңіз бар, баршаңызды абыройлы іске үлес қосуға шақырамыз.

Дархан МЫҢБАЙ

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙІ
“Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы — қазақтың күйі”.
Мұхтар ӘУЕЗОВ
КҮЙ ТЫҢДАП ОТЫРҒАНДА
…Алдыңнан есілдіріп көктем желін,
Баяндап қайта өмірдің өткелдерін,
Тағдырын салады еске
Арманда кеткендердің.
Қос шекті кейде саусақ баяу қағып,
Көңілдің алуан күйін жаяды анық.
Әр күйде бір-бір дастан
Бітеді баяндалып.
Бойға бір әсер құйып дуылдаған,
Күй бітті. Көңіл әлі суынбаған.
Күй-өмір қысқа неткен,
Уақыт-ай зуылдаған!..

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі