jasqazaq.kz

Күй — ғұмыр

25 сәуiр 2023, 13:13

Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы ғимаратында «Күй — ғұмыр» атты қайрымдылық концерті өтті.

Концерт Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбайұлы төсбелгілерінің иегері, Алматы облыстық білім басқармасы Қаскелең мәдениет колледжінің оқытушысы, күйші Асқар Мұқановтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Мәдени шараның шымылдығын «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы филиалының төрағасы Талап Қараш ашты.
Шараға республика бойынша дәулескер күйшілер:
— Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымының магистрі, Қ. Сағырбайұлы төс белгісінің иегері, күйші, ұстаз — Динара Нұрбаева;
— С. Тұрысбековтың «Ақ жауын» ансамбілінің әртісі, күйші, ұстаз
Қ. Сағырбайұлы төсбелгісінің иегері — Ертай Барлықов;
— бүгінгі күні «Халық күйшісі» атанған Охан Бейсенбек және Сарқытбай Қалиұлы;
— Қ. Сағырбайұлы төсбелгісінің иегері, күйші композитор, актер — Аман Малдыбаев;
— Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану профессоры, «Халық күйшісі» төсбелгісінің иегері — Ерболат Мұстафаев;
— Қаскелең Мәдениет колледжінің 1 курс студенті, жас күйші — Керім Қожа Жеңіс қатысты.


Шара барысында бүкіл әлемге тараған, әлем халықтарының таңдай қағып, сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналған Құрманғазының «Серпер», «Төремұрат», «Арба соққан», «Ақсақ киік», «Ілме» атты күйлері; халық күйі «Ақсақ құлан»; Есбайдың күйі «Терісқақпай»; Тәттімбеттің күйі «Саржайлау; Нөкейдің күйі «Қосбасқан»; Сүгірдің күйі «Кертолғау»; Қарасайдың күйі «Қарасай»; Бәзғалам Айқынбайұлының күйі «Жолаушы»; сонымен қатар, қонақтар: Охан Бейсенбек «Кең толғау» атты, Аман Малдыбев «Шағала жүрек», Асқар Мұқанов «Ақ бөбек» атты авторлық күйлерін шертіліп, көрермендерді рухани сусындатты.


Сонымен қатар, кітапхананың «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының жетекшісі, зағип ақын Әбетхан Тоқтағанов шараға тікелей қолдау көрсеткен Республикалық Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының төрағасы — Талап Қарашқа «Талап бауырым, талантыңа тәнтімін» атты авторлық өлеңін арнады.
Шараның соңында «Күйшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының төрағасы — Талап Қараш бірқатар күйшілерге «Халық күйшісі» және «Құрманғазы Сағырбайұлы» атындағы төсбелгілерін, «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хат» табыстады.

Құрманғазының 200 жылдығына арналған қайырымдылық концерті барысында күйден тартылған сый, қазақ күй мұрасына қосқан баға жетпес алтын қазына десек артық айтқандық болмас.
Құрманғазыдай арда азаматтың рухына тағзым етіп, шығармашылығын асқақтатып, есімін ардақтау – біздің парызымыз. Бұл өмір заңдылығы. «Өткен күн – тарих, келер күн – сыр, ал бүгінгі күн – сый» деген ғұламалар. Бұл жиын кемеңгер күйшіге арналды. Ол халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлап, Отанға деген сүйіспеншілігін өнерімен жеткізген. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» демекші, оның жарқын бейнесі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталатыны анық.

Захра Маханова,
«Зағип және нашар көретін азаматтарға
арналған республикалық кітапхана» РММ қызметкері

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам