jasqazaq.kz

Күдебаевты сотқа күштеп әкелмек

30 наурыз 2023, 16:40

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы генерал Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы бүгін өтуі тиіс еді. Күндізгі сағат 11:00-ге белгіленген сотқа С.Күдебаев тағы келмеді. Айыпталушының сотқа бірнеше мәрте келмеуіне байланысты судья келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде әкелу жөнінде қаулы шығарды.

«ҚР ҚПК 157 және 335 тармақтарына сәйкес Серік Күдебаевты процеске мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы қабылданды. Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді»,- деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі. Серік Күдебаевқа қатысты процесс осы жылдың қаңтар айында басталған болатын. Айыпталушы денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсуіне байланысты сот отырысы бірнеше рет кейінге шегерілді. Прокурор судьядан С.Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Былтырғы қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған айыпталушы 2020 жылдан 2022 жылдың 18 ақпанына дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты