jasqazaq.kz

Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? – Дін өкілдері жауап берді

16 қантар 2025, 14:21

Православ христиандарының Крещение мерекесіне мұсылмандардың қатыспағаны абзал. Ислам дінінде бұл күнәлі әрекет болып саналады. Бұл туралы inform.kz хабарлады. 

Әр жыл сайын 18-ші қаңтардан 19-ына қараған түні дүниежүзінің православ христиандары Крещение мерекесін атап өтеді. Бұл дін өкілдерінің сенімі бойынша, сол күні суға түсу арқылы адам күнәсінен тазарады. Ал ислам діні оған құрметпен қарауға шақырғанмен, имамдар мұсылмандардың бұл дәстүрге, мерекеге қатыспауын ескертті.

— Ислам дінінде біздерге Алланың елшісі Мұхамед (с.ғ.а.) бекітіп берген белгілі бір мереке күндеріміз бар. Өзге дін өкілдерінің де мерекесіне ешқандай қарсылық пен кедергі жасауымызға болмайды. Бірақ олармен бірге тойлауға рұқсат етілмейді. Өйткені пайғамбарымыз: «Кім қай қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан», — деген. Мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады, — деді ҚМДБ Жетісу облысы бойынша шәриғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Қамит Табарак.

Фото: inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі