jasqazaq.kz

Креативті индустрияға салық салу жеңілдетілді

11 қантар 2024, 0:07

2024 жылдан бастап креативті индустрияларға қатысты кәсіпкерлік қызметтің 40 түрі бөлшек сауда салығы бойынша арнайы салық режимі аясында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай өзгерістер Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық экономика және қаржы министрлігі бірлесіп креативті индустрияларды қолдау шараларының жекелеген пакетін әзірлеу шеңберінде Үкіметтің қаулысына енгізілді.

Осы өзгерістердің арқасында кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы және қосымша құн салығын төлеуден босатылады.

Оның орнына жеке кәсіпкерлер үшін 2% — дан 4% — ға дейінгі, сондай-ақ ЖШС үшін 8% мөлшерінде бірыңғай салық енгізіледі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Фейсбук парақшасында жазғандай, компанияның жылдық ақша айналымы 2,2 млрд теңгеден, ал штаттағы қызметкер саны 200-ден аспауы қажет. Мұндай салық жеңілдігі кино өндірісі және постпродакшн, видеоконтент және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазу және музыкалық туындыларды шығару, театр және музей, сәулет пен дизайн, қолөнер, халық шығармашылығы және сувенир өнімдерін шығару саласын қамтиды.

JQ-Aqparat

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық