jasqazaq.kz

Креативті индустрия бойынша қазақ-итальян орталығы ашылады

11 қантар 2024, 7:37

Биыл елімізде креативті индустрия бойынша қазақ-итальян мәдениет орталығы ашылады.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияның Қазақстандағы Елшісі Марко Альбертимен кездесті.

Кездесуде Аида Балаева Қазақстан Еуропа елдерімен мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
«Қазақстан үшін «Венеция биенналесі – 2024» ауқымды шарасына қатысу маңызды оқиға болмақ. Ұлттық павильон аясында суретшілеріміздің жұмыстарының көрмесімен қатар өнер саласында шеберлік сабақтарын өткіземіз. Аталған мәдени алаң қазақстандық шеберлер мен таланттардың шығармашылығы мен өнері арқылы еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақсырақ танысуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Елші Марко Альберти   2023 жылы Алматыда Италияның мәдени орталығы, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы тұңғыш Мәдениет институты ашылғанын атап өтті.
«Мәдениет институтының негізгі мақсаты – жаңа шығармашылық таланттарға назар аудара отырып, итальян тілі мен мәдениетін насихаттау. Біз осыған байланысты Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытып отырмыз. Олармен бірлесіп 30 бастаманы жүзеге асыруға ниеттіміз. 2024 жылы Қазақстанда креативті индустрия бойынша қазақ-итальян мәдениет орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», — деді елші.

JQ-Aqparat 

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі