jasqazaq.kz

Ковид деп жүргенде…

31 шiлде 2020, 12:19

Ковид өршігелі өзге кеселдер ұмыт қалмауы тиіс. Әсіресе, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі. Өйткені қайсыбір емдеу орындарында осындай түйткіл бар көрінеді. Бұл жетіде ақпарат құралдары Алматыдағы онкологиялық орталықта кейбір дәрі-дәрмектің тапшы екенін хабарлады. Емдеу орнындағылар «Біз назардан тыс қалдық!», «Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға беретін дәрі жоқ» деп дабыл қағыпты.

Орталық директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов тапшылықты пандемиямен байланыстыруда. Оның айтуынша, сүйек қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға берілетін қажетті дәрі-дәрмек мүлдем жоқ көрінеді. Н.Ізмағамбетов «Қолғап жетіспеді. Біз оны өзіміз шештік. Сатып алып жатырмыз. Сүйек метастаздарын емдеуге арналған дәрі-дәрмек мүлде жоқ. Мысалы, «Золедрон қышқылы», «Бонефос» деген дәрілер.

Өкінішке қарай, «СК-Фармация» биыл бізге мұндай препараттан бір тал да жеткізген жоқ. Дәрі тасымалдаушылардың қоры бар. Біз сол қордан өзіміз сатып алып отырдық. Алған препаттарымыз маусымның ортасына дейін ғана жетті. Енді оның орнын басқа дәрімен алмастыруға мәжбүрміз. Бірақ ондай дәрілердің жанама әсері көп. Науқасқа бергенде уақыт көп кетеді. Одан бас тартып жатқандар да бар», – деді.

Алып шаһарда жыл сайын онкологиялық ауру белгілері 4 мыңнан астам адамнан анықталады екен. Жуырда ғана аты жаман кеселден бір кісі көз жұмды. Осы оқиға туралы хабарлаған марқұмның туыстары қажетті дәрі-дәрмектің аз болғанын айтыпты.

Кесел адам таңдамайды, уақытқа бағынбайды. Ковидпен күресіп жүргенде, басқа індетті асқындырып алып, тізгіндей алмай жүрмейік.

Жарас ШӨКЕ

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі