jasqazaq.kz

Көші-қон туралы заң — қос азаматтыққа тосқауыл

05 қазан 2023, 16:08

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Келісімге Мемлекет басшысының Қытайға сапары барысында биылғы 17 мамырда Сиань қаласында Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлері қол қойды.

Заңның мақсаты — Қазақстан мен Қытай азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл жасау.
Бұған қатысты сенатор Мұрат Қадырбек: «Бұл мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күреске, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет. Шартты іске асыратын құзыретті органдар ретінде Қазақстан жағынан Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ал Қытай жағынан Сыртқы істер министрлігі мен Көші-қон істері бойынша мемлекеттік басқарма белгіленген», — деді.

Бұл органдар азаматтарының дербес деректерінің қорғалуына жауап береді.

«Келісімде егемендікке, қауіпсіздікке қауіп төнгенде және заңнамаға қайшы келген жағдайда, сұрау салуларды орындаудан бас тарту көзделген. Қазіргі кезде осындай екі жақты келісім бес елмен (Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістан) жасалған. Сондай-ақ Ресеймен, Армениямен, Қырғызстанмен көпжақты шарт бар. Келісімді ратификациялау көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, және тараптардың азаматтары туралы ақпарат алмасу жөнінде тиісті құқықтық тетікті жасауға мүмкіндік береді», — деді депутат.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң аясында ақпарат алмасу мемлекет мүддесін ескере отырып жүзеге асырылатынын айтты.

«Мақұлданған заң екі елдің миграция саласындағы құзыретті органдары арасындағы қарым-қатынасты дамытуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», — деді Мәулен Әшімбаев.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры