jasqazaq.kz

Кореядан арзан көлік жеткізуге уәде еткен: 145 миллион теңгеге алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

20 желтоқсан 2024, 10:22

Бас прокуратура аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші — Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған. Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі