jasqazaq.kz

Кореяда полициядан қашқан жерлестеріміз әзірге елге қайтарылмайды (Видео)

10 сәуiр 2023, 23:26

Оңтүстік Кореяда депортациядан қашып ұсталған екі отандасымызды елге қайтару мүмкін емес. Осылай деген сыртқы істер министрлігі олардың жат мемлекетте үш бап бойынша сотталатынын жеткізді. Халықаралық шу туғызған азаматтарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

— Аталған азматтарға Корея Республикасының заңының үш бабымен айып тағылады. Біріншісі  мммиграциялық бақылау туралы заңның бұзылуы, елге заңсыз кіру. Екіншісі – иммиграциялық бақылау туралы заңның бұзылуы, елде заңсыз болуы. Үшінші – әуежай обьектілері мен оның ғимараттары туралы заңды бұзу.

Шекараны заңсыз кесіп өтеміз деп опық жегендердің біреуі 18 жаста, екіншісі 21 жаста. Түркістан облысының тумалары жұмыс істемек болып Оңстүстік Кореяға 24 наурыз күні Ташкент арқылы жетеді. Алайда әуежайдағы кедендік бақылаудан өте алмапты. Сөйтіп депортациялық рейсті күтпей, нысанның тікенек сым қоршауынан секіріп өтіп қашып кетеді. Жергілікті полицейлер біреуін телефон қуаттап жатқан жерінен қолға түсірген. Ал екіншісі тәртіп сақшыларына өз еркімен берілді. Енді оларға қатысты тергеу үш айға созылуы мүмкін. Кейін іс жергілікті прокуратураға беріледі.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі