jasqazaq.kz

Кореяда қашып жүрген жерлесіміз полицияға өз еркімен берілді (Видео)

30 наурыз 2023, 9:50

Оңтүстік Кореяда іздеуге жарияланған отандасымыз полицияға өз еркімен берілді. Қазақстанға депортациялайтын рейске отырмау үшін Нұрсұлтан Ырысбаев Ичхон әуежайынан із суытқан. Халықаралық шу туғызған оқиғадан кейін қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға кіру тәртібі қиындауы мүмкін дейді біздің сыртқы істер министрлігі. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

— Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ кеңінен жариялады. Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз болуымен белсенді күреске, сондайақ азаматтарға елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екендігін атап өткен жөн.

18 және 21 жастағы екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға 24 наурыз күні Ташкент қаласынан ұшып барған. Бірақ әуежайдағы кедендік бақылаудан өте алмапты. Қызметкерлер екеуін де Қазақстанға қайтармақ болған. Алайда азаматтар депортация рейсін күтпей, нысанның тікенек сым қоршауынан секіріп өтіп қашып кеткен. Көп ұзамай полицейлер біреуін дүкенде телефонын қуаттап жатқан жерінен қолға түсірді. Енді олардың қандай жазаға тартылатыны әзірге белгісіз. Оны жергілікті құқық қорғау органдары шешеді. Бірақ кореялық БАҚ мәліметінше екеуі де 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта