jasqazaq.kz

Көп балалы депутат: Әлеуметтік тұрғын үйлер көптеп салынуы керек

24 мамыр 2023, 13:48

Парламент мәжілісінің депутаты Гаухар Танашева жалпы отырыста әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салу керек екенін айтты. «Бізге көбінесе әлеуметтік тұрғын үй салу керек. Қазір ол аз. Бұл мәселені бөлек қарастыру қажет. Себебі беріліп жатқан шаршы метр көлемі тым аз. Мысалы, 9 адам тұратын отбасылар бар. Ипотека алдық деп қуанады. Ал оларға тиетіні 30-40 шаршы метр үй. Бұл мұндай үлкен отбасына өте аз деп есептеймін. Бұл жағын да қарастыру керек. Мысалы мен де көпбалалы анамын. 2021 жылы жолдасым қайтыс болған. Мүгедектігі бар баламды қазір жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Сондықтан баспана мәселесі бар отбасылардың проблемасын түгел өз басымнан өткіздім. Мәселелердің бәрін білемін. Біз алғаш үй алғанда қазіргідей көпбалалы аналарға жеңілдік болған жоқ. Сондықтан шағын баспанамен шектелуге мәжбүр болған едік. 2019 жылға дейін бүкіл балаға алатын әлеуметтік көмек 10 мың теңгедей болатын. Қазір біраз жақсарды, бірақ ол да жеткілікті емес», — деді мәжіліс депутаты. Депутат Г.Танашева мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға беріліп жатқан әлеуметтік көмектің мөлшері де жеткіліксіз екенін, әлеуметтік көмектің мөлшерін ұлғайту қажет екенін ескертті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі