jasqazaq.kz

Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік

23 қантар, 19:56

Сыр елінде өткен Ұлттық Құрылтайда ортаға тасталған пайымды пікір мен ұтымды ұсыныстарды жан-жақты талқылау жалғасуда. Дейтұрғанмен, бір тақырып тасада қалып бара жатқандай. Ол – қуат көздерін тиімді пайдалану. Соның ішінде кәдімгі көмірді кәдеге жарату жайы. Мемлекет басшысы алқалы жиында елімізде жыл сайын 123 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілетінін, қазірдің өзінде мұның жеткіліксіз екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан біраз бұрын Қауіпсіздің Кеңесінің отырысында біздің өзгелермен энергетикалық бәсекедегі оңтайлы һәм басым мүмкіндігіміздің толыққанды пайдаланылмай отырғанын ашық айтқан болатын.
Қолымызды ұзартып, асығымызды алшысынан түсіретін саланың бірі – әлгі тас отын. Мұнай мен уран сияқты, көмір де жеткілікті бізде. Тіпті, көшбасшылар қатарындамыз. Президент келтірген көрсеткішке жүгінсек, елде әлі 300 жылға жететін «қара маржанның» 33 млрд тоннаға жуық қоры бар. Жылдық өндіріс 110 млн тоннаны құрайды. Міне, осы қисапсыз қуат көзін қоршаған ортаға зиян тигізбей қолдануға болады. Замануи технологиямен отын құрамындағы зиянды заттан арылту арқылы. Ұлттық Құрылтай мінберінен көмір генерациясын дамытуға Ұлттық жоба мәртебесін беру қажеттігі айтылды. Мемлекет басшысы Үкіметке 20 наурызға дейін осы мәселені шешуді тапсырды.
Енді экологиялық таскөмірге тоқталсақ. «Jas Qazaq» бұдан бұрын «QazaqGaz» бен Қытайдың «Sinopec» компаниясының Қарағанды көмір кеніштеріндегі газды бірлесе игеру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлаған. Мамандардың есеп-қисабы бойынша, мұндағы метан қоры 500 млрд текше метрге жетеді. Айта кету керек, осы «көгілдір отын» (метан) қауіпсіз әрі азот пен күкірттен ада. Ал ғылым мен инновацияны игеруде ілгері кеткен шығыстағы көршіміз осы көмір қабатында қордаланған газды өндіруде қазір әлемдегі үздіктердің бірі. Ауқымды жоба аясында «QazaqGaz» қытайлық «Shandong Energy Group Co» компаниясымен бірлесіп, осы өңірде көмір-химия салуды көздеп отыр. Көмір өңдеп, «көгілдір отын» өндіретін жаңа кәсіпорынның жылдық қуаты 2 млрд текше метрге жетеді деп күтілуде. Бұған қоса, 1,5 мың адамға жұмыс береді. Өндіріс толық қуатына көшкен кезде ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, артық отынды экспортқа жөнелтуге де болады.
Әлемде қуат көздері үшін бәсеке өршіп тұрғанда Қазақ елі энергетикадағы бірегей мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылуы, әсіресе, құбылмалы бүгінгі заманның талабынан туындайды. Президенттің кешегі Ұлттық Құрылтайда осынау өміршең мәселеге айрықша мән беруі бекер емес. Өйткені жел мен күннің күмәнді энергиясына сеніп, көмірден бас тартқан, АЭС-ке құлып салған, сөйтіп экономикасы құлдыраған, өндіріс ошақтары бірінен соң бірі жабылап жатқан Еуропаның тәжірибесі өзгеге ащы сабақ болып тұр.
Көмірді кәдеге жарату төңірегіндегі бүгін әңгіме әлеуметтік желіде өріп жүрген «Қызылордада экономика, жұмыспен қамту туралы түк айтылмады» дейтін қисынсыз пікірге қисынды уәж болса керек.
Срайыл Смайыл

Сурет: 7kun.kz

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры