jasqazaq.kz

Көлікке қатысты қаржы пирамидасын құрғандар сотталды (Видео)

16 қантар 2024, 11:25

Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Аталған фактіні ҚМА аумақтық департаменті тергеді.

2022 жылдың наурыз айында Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О. Б.Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ «Аuto Seller» ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағамен сатып алып, төмен бағамен сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған.

«Аuto Seller» ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20%-ға қымбат сатып алуды ұсынған.
Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды.

Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 млн теңгені құрады.

Сот Д.И.Дәулетовты 9 жылға, А.Т.Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде