jasqazaq.kz

Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты

05 маусым, 17:13


Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге Қонаев қаласындағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарын көрді.

Вокзал аумағындағы құрылыстың қарқынды жүріп, бүгінде аяқталуға таяған. Ғимараттың негізгі келбеті қалыптасып, ішкі әрлеу мен инженерлік жүйелерді іске қосу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс алаңында мердігер ұйымдардың мамандары белгіленген мерзімге үлгеру үшін жұмысты жүйелі жалғастыруда.

Нысан басында өткен көшпелі кеңесте облыс әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ және жауапты мекемелердің өкілдері жобаның орындалу барысы жөнінде есеп берді.
Мамандардың айтуынша, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының 93 пайызы аяқталған. Қазіргі таңда сыртқы электр және газ желілерін қосу, сондай-ақ ғимаратты жиһазбен және заманауи кеңсе техникасымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Вокзал ғимаратының қабырғалары толық тұрғызылып, шатыр жабылған. Су құбыры, кәріз, жылыту және желдету жүйелері орнатылған. Жолаушылар платформасының құрылысы да толық аяқталған.
Жалпы аумағы 503,8 шаршы метр болатын нысанды биылғы маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жиын барысында облыстағы өзге де теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары сараланды. Қазыбек бек (Ұзынағаш) және Шамалған вокзалдарының дайындығы 99 пайызға, Жетісу вокзалындағы жұмыстардың орындалуы 92 пайызға жеткен.

Көлік министрі құрылыс қарқынын оң бағалап, жауапты мекемелерге барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды. Оның айтуынша, жаңғыртылған вокзалдар жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде 124 теміржол вокзалын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама аясында вокзалдар заманауи инженерлік жүйелермен жабдықталып, күту залдары жаңартылып, сервистік қызмет көрсету сапасы жақсартылуда. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауына қажетті жағдайлар қарастырылған.

Мұндай жобалар еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Қонаевтағы вокзалдың жаңаруы да – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде